ЖЕДЕЛ АҒЫМДЫ БҮЙРЕК ЖЕТІСПЕУШІЛГІ

Жедел ағымды бүйрек жетіспеушілігі (ЖБЖ) - бүйректің негізгі функцияларының кенеттен істен шығуы.ЖБЖ ең бірінші шумақ фильтрациясының төмендеуімен және диурездің азаюымен білінеді. Бүйректің негізгі функциялары гомеостаз тұрақтылығын камтамасыз етеді. Бұған клеткадан тыс сұйықтық көлемі тұрақтылығы, электролиттер балансы және қышқыл-сілті тепе-теңдігі, азоттық заттардың калыпты деңгейі жатады. Соңғы кезде ЖБЖ терминінің орнына «бүйректің жедел зақымдалуы» (БЖЗ) терминін қолданыла бастады. Оның негізгі мақсаты - нақ жетіспеушілік дамығанға дейін болатын бүйрек зақымдалуының ерте сатыларын ЖЕДЕЛ АҒЫМДЫ БҮЙРЕК ЖЕТІСПЕУШІЛГІ анықтау. Ол емді де уақытында жүргізуге көмектеседі.

Баланың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты жасы неғұрлым кіші болса, солұрлым бүйрек жұмысы тез бұзылады.

Этиологиясы, жіктелуі. ЖБЖ-ның себептері әр түрлі. Оларды 4 топқа бөлуге болады: 1) преренальдық; 2) ренальдық; 3) постренальдық және 4) сирек кездесетін - аренальдық (жалғыз бүйректі алып тастағанда). Преренальдық топқа әртүрлі шоктар – қатты жарақаттан, зақым болудан, күю нәтижесі, қан ағудан, дегидратациядан және анафилаксиядан, нәрестеде - сепсис, асфиксия салдарынан дамитын ЖБЖ. Ренальдық ЖБЖ - гломерулонефрит, пиелонефрит, бүйрек ауытқулары, бүйрек қантамырларындағы тромбоз ЖЕДЕЛ АҒЫМДЫ БҮЙРЕК ЖЕТІСПЕУШІЛГІ, эмболиясы салдары. Ренальдық ЖБЖ-не нәрестелердегі ауыр сепсис, асфиксия жауапты. Сәбилерде кездесетін гемолитикалық уремия синдромы (ГУС), нефротоксиндер (аминогликозид, қабынуға қарсы дәрілер) әсерінен дамитын бүйрек жетіспеушілігі жатады. Постренальдық ЖБЖ зәр жолдарындағы обструкциядан, тас, ісік салдарынан және нәрестелердегі екіжақты обструкция, екі жақты кистозды дисплазия және артқы уретра клапаны нәтижесінде дамиды.

Аталған топтардағы көп ауруларды негізгі әсер ететін жағдайға байланысты шоктың, токсиндік, инфекциялық ЖБЖ деп те ажыратады. Функционалдық және органикалық ЖБЖ айтылған преренальдық, ренальдық ЖБЖ-не сәйкес. ЖБЖ олигуриямен де ЖЕДЕЛ АҒЫМДЫ БҮЙРЕК ЖЕТІСПЕУШІЛГІ, олигуриясыз да болуы мүмкін. Органикалық ЖБЖ олигуриялық болып келеді, оның ағымы функционалдық ЖБЖ-дан ауыр болады.

Патогенезі, морфологиясы. Патогенез ерекшеліктері ЖБЖ себептеріне байланысты. Ең жиі кездесетін - шок кезіндегі ЖБЖ-де - өзгерістер бүйректегі қанайналымының күрт азаюынан болады. Қан өмірге ең маңызы зор орталық ағзаларды (ми, жүрек) қамтамасыз етуге жұмсалады да, бүйрек кантамырларында оған байланысты спазм болады. Бүйректің қыртысты қабатын қанмен жабдықтау (перфузия) күрт азаяды, сондықтан шумақтағы фильтрация төмендейді. Органикалық ЖБЖ бүйректің қыртысты қабатындағы өзекше некрозымен орын алады. Өзекше ЖЕДЕЛ АҒЫМДЫ БҮЙРЕК ЖЕТІСПЕУШІЛГІ эпителийіндегі өзгерістер оның қызметін төмендетеді. Интерстиций ісінуі өзекшелерге косымша кысым жасайды. Әртүрлі цитокиндер, зәр жүрмеюі (обструкция) ЖБЖ-ның патогенезінде тағы бір орын алатын жай - кан тамырларындағы қанағу блокадасы (іркілуі). Оның себебі - қан тамырларындағы жалпылама қан ұюы (ДВС синдромы). Бұл ГУС, гломерулонефрит және тромбоз себептерінен дамитын ЖБЖ-нің шешуші даму жолына жатады.



Негізгі дертті құбылыс өзекше эпителийінің нефротоксин, улы заттар, дәрі-дәрмек, кейбір вирус, бактериялардан тіке зақымдануынан басталуы да мүмкін. Эпителийде аталған жағдайлар да некроз туғызады, интерстицийде ісіну, инфильтрация дамып, қан тамырлары да зақымданады ЖЕДЕЛ АҒЫМДЫ БҮЙРЕК ЖЕТІСПЕУШІЛГІ.

Клиникасы. Жедел ағымды бүйрек жетіспеушілігінде 4 кезең ажыратылады: алғашқы, олигоанурия, полиурия және айығу (реконвалесценция).

Алғашқы кезеңінің клиникасы ЖБЖ-ның себептеріне байланысты, яғни шок, сепсис, улану т. б. дертті жағдайлар көрінісі. Ішек инфекциясымен ауырған балада сусыздану салдарынан ангидремиялық (гиповолемиялық) шок дамиды. Құсу, іш өту салдарынан сусыздану (эксикоз) дамиды да, ол гемодинамика өзгерістерін туғызып, қан қысымы төмендеп, зәрі тоқталады. Алғашқы кезеңіндегі мұндай зәрдің азаюы бүйректегі органикалык өзгерістерге байланысты емес, функционалдық бұзылыс негізінде дамиды. Мұны зәрдің салыстырмалы ЖЕДЕЛ АҒЫМДЫ БҮЙРЕК ЖЕТІСПЕУШІЛГІ тығыздығын тексеріп, бүйректің концентрациялық қызметінің әлі бұзылмағанына көз жеткізуге болады - бұл көрсеткіш қалыпта не жоғары. Бірақ уақытында көмек көрсетілмесе, ангидремиялық шок органикалық өзгерістер – жедел тубулярлық некроз (ЖТН), яғни шын ЖБЖ туғызады. ЖБЖ-нің себебі ГУС болса, қанда гемолиз, тамырда қанұю белгілері (ДВС синдромы) анықталады. Кейде токсин, инфекция (менингококк, йерсиниоз, геморрагиялык кызыну т. б.) әсерінен тубуло-интерстициалдық нефриттің клиникасы білінеді. Бұл ауруларда гематурия және азотемия негізгі аурудың белгілеріне (қызу, бөртпе, геморрагиялар) қоса анықталады.

Олигоануриялық кезең. Зәр мөлшері азаяды. Анурия ЖЕДЕЛ АҒЫМДЫ БҮЙРЕК ЖЕТІСПЕУШІЛГІ деп сәбилерде зәр мөлшері 10 мл-ден, ал үлкенірек балаларда 50 мл-ден аз болғанда айтады. Зәрдің салыстырмалы тығыздығы ЖТН болса, міндетті түрде төмендейді. Биохимиялық қан сынағында азотемия, мочевина, креатининнің өте жоғары деңгейі табылады, бұл кезең 3-10 күн, сирек жағдайларда (гемодиализге көшіргенде) 4 аптаға дейін созылады.

Қазір Дүниежүзілік нефрологтар мен реаниматологтар қауымдастығының келісімі бойынша бүйректің жедел зақымдалуын критерийлер ұсінілді. Екі белгінің дәрежесіне қарай - 1) креатинин деңгейі мен шумақ фильтрациясының деңгейі; 2) диурез мөлшері - арқылы бүйрек за ЖЕДЕЛ АҒЫМДЫ БҮЙРЕК ЖЕТІСПЕУШІЛГІқымдалуының 3 деңгейі және 2 түрлі болжамы анықталаы. БЖЗ деңгейін сипаттау үшін 2002 жылдан бастап Дүние жүзілік тәжірибеге RIFLE жіктелуі деп кірді (54-кесте).

54 кесте


documentaeudksv.html
documentaeudsdd.html
documentaeudznl.html
documentaeuegxt.html
documentaeueoib.html
Документ ЖЕДЕЛ АҒЫМДЫ БҮЙРЕК ЖЕТІСПЕУШІЛГІ